Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионға жуықтады

11.12.2020

АҚШ-та жаңа антирекорд. Елде өткен тәулікте коронавирустан 3 мыңнан астам адам қайтыс болды. 

Пандемия басталғалы 16 миллионға жуық адам инфекция жұқтырып, 292 мыңнан астамы көз жұмды. Осылайша, АҚШ-тағы ковид құрбандарының саны Екінші Дүнижүзілік соғыста мерт болғандардың санынан асып кетті.  

Франция 15 желтоқсанда локдауннан шығады. Оның орнына кешкі 20.00-ден таңғы 6.00-ге дейін коменданттық сағат енгізеді. Аталған режим Жаңа Жыл мейрамында да сақталады. Сонымен қатар, театр, кинотеатр, музейер тағы 3 апта жұмыс істемейді. Рождествоны тойлауға рұқсат, алайда 6 адамнан артық жиналуға болмайды. 

Ұлыбританияда коронавирус жұқтыру балалар арасында жиі тіркелуде. Сондықтан келесі аптада барлық мектеп оқушылары инфекцияға жаппай тест тапсырады.

Жансая Қапасқызы

коронавирус

Хабарламаларға жазылу