Әлемде коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асты

29.09.2020

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 1 миллионнан асты. Reuters агенттінің хабарлауынша, Covid-тан жер бетінде күніне 5400-ден астам адам қайтыс болады. Ең көп өлім-жітім АҚШ-та тіркеліп отыр. Мұнда жұқпалы дерттен 205 мыңдай адам қайтыс болған. Қауіпті тізімнің алғашқы бестігінде Бразилия, Үндістан, Мексика, Ұлыбритания бар.

Ұлыбританияда індеттен 42 мыңдай адам көз жұмды. Бұл – Еуропа елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Эпид ахуалдың өршуіне байланысты елде карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Енді азаматтар шектеу шараларын сақтамаса 1300, ал ережелерді екі рет бұзса 13 мың долларға дейін айыппұл төлейді.

Испанияда инфекцияның таралуын тоқтату үшін тұрғындар жаппай тестілеуден өтіп жатыр. Бұл үшін ел билігі 5 миллион экспресс-тест сатып алған. Елде вирус жұқтырғандар саны 748 мыңнан асып, 31 мыңдайы қайтыс болды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу