Ақтөбеде ешқандай құжатсыз «БТР-60» әскери техникасы табылды.
Полицейлер Россовхоз ауылы маңындағы карьер аумағында құжаты жоқ «БТР-60» бронетранспортеріне тап болған. Көліктің карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны сатып алғанын айтқан. Полиция департаментінің мәліметінше, «БТР-де» қару-жарақ қондырғылары болмаған.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Ер адам БТР-ды, шамамен, 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажетсіз болғандықтан сатпақ болғанын айтты. Материал ҚР ҚК 386-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде. «БТР-60» Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.