Ақтөбеде балықшылардың көлігі суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде балықшылардың көлігі суға батып кетті

30.12.2021

Ақтөбе қаласы маңындағы суқоймаға «Лэнд крузер» автокөлігі батып кетті. Ішінде болған екі адам дер кезінде сыртқа шығып үлгерген.

Олардың балық аулауға барғаны белгілі болды. Мұз үстімен жағалаудан 50 метр жерге дейін ұзап барған. Алайда, мұз ауыр көлікті көтере алмай, опырылып кеткен. Суға батқан қымбат көліктің төбесі ғана көрініп тұрды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оны екі техникамен шығарып алды. Жергілікті жұрт «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен суқоймадағы мұздың қалыңдығы қазір 10 сантиметрге де жетпейді екен.

Марғұлан Аманбаев, облыстық ТЖД бастығы:

Суға батып кеткен, бірақ ішгіндегі екі адам - балықшылар шыққан. Бүгінгі күні машинаны шығару жұмыстары атқарылды. Шығын жоқ. Ескертеміз, мұзға машинамен шықпауға, балық аулағанда төтенше жағдайлар ережелерін сақтауға шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу