Елімізде тұрғын үйдің бағасы 14 жарым пайызға көтерілген. Жаңа үйлердің шаршы метрі орта есеппен 350 мың теңгеге дейін жеткен. Нарықты зерттеп жүрген сарапшылар бір аптаның ішінде тұрғын үйге сұраныс 40 пайызға өскенін айтады.
Баспана бағасының күрт көтерілуіне бірден бір себеп - құрылыс материалдарының қымбаттауы. Биылғы 10 айда баға 28 пайызға өскен. Зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің өзгеруі құрылыс материалдарының арзандауына әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар.
Сәбит Баймағамбетов, экономист-сарапшы:
Зейнетақы қорындағы жинақты қолдану құрылыс нарығына қосымша ықпал етіп, құрылыс материалдарының бағасының шарықтауына әсер етіп отыр. Қазіргі таңда Үкімет құрылыс заттарының бағасын реттеу мақсатында шекті мөлшерді жоғарылатып жатыр. Ол үйге деген сұранысты азайтады, құрылыс материалдарының арзандауына әсер етудің нақты бір механизмі.
Айнұр Ақбаева