Америкалық дипломаттар Қытайда келер жылы өтетін қысқы Олимпиадаға бойкот жариялады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдеуінше, Байден әкімшілігі 2022 жылғы қысқы Бейжің Олимпиадасы мен Паралампиадасына дипломаттары мен ресми делегациясын жібермейді.
Айтуынша, бұған Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жүргізіп отырған геноциді мен адам құқықтарының бұзылуы түрткі болған. Дегенмен бойкот америкалық спортшылардың шараға қатысуына әсер етпейді.
Ал Қытайдың Сыртқы істер министрлігі болса, АҚШ-тың лауазымды тұлғаларының қатыспауы Ойындардың сәтті өтуіне кедергі болмайды деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы