Сочи Олимпиадасына 88 елдің спортшылары қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи Олимпиадасына 88 елдің спортшылары қатысады

04.02.2014
Сочи Олимпиадасына 88 елдің спортшылары қатысады
Халықаралық Олимпиада комитеті Сочиде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына 88 елдің спортшылары қатысатынын хабарлады.
 
Бұл арқылы Сочи Ойындары Ванкувер рекордын жаңартады. 2010 жылғы Олимпиадаға әлемнің 82 елі қатысқан еді. Айта кетейік, байрақты бәсекеде алғаш рет Зимбабве қатысады. Бұл елдің намысын тау шаңғышысы Люк Стейн қорғайды.
 
ХХІІ Қысқы Ойындарда 3000-ға жуық спортшы спорттың 15 түрінен сынға түспек.

Хабарламаларға жазылу