Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға қарай жаңа халықаралық әуежай салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға қарай жаңа халықаралық әуежай салынады

31.07.2014
Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға қарай жаңа халықаралық әуежай салынады

Бейжіңдегі жаңа халықаралық әуежай 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиадаға дейін салынбақ. Бұл туралы «Бейжің-2022» комитетінің баспасөз хатшысы Ван Хуэй хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

«Қытай астанасындағы қазіргі әуежайының аумағы 2008 жылғы Жазғы Олимпиада қарсаңында біршама үлкейтілген болатын. Алайда кейін Қытайдың басқа елдермен қарым-қатынасы дамып, елге келушілердің саны өсті. Сол себепті қазіргі әуежай айтарлықтай көп адам өткізе алмайды», - дейді Ван Хуэй.

«Осы себепті ескеріп, былтыр Бейжіңнің Дасин мен Хэбей аудандарының шекарасында жаңа халықаралық әуежай салуды жоспарланған еді. Бұл әуежай 2022 жылы Қысқы Олимпиаданы өз жерімізде өткізу үшін оң септігін тигізеді. Сондай-ақ, біздің ұсыныс комитетке де үлкен рөл атқарады. Әуежай өз кезегінде елдің табысын арттыруға және Бейжіңнің өтінішін қабылдауға жақсы мүмкіндік береді», - деді комитеттің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетйік, 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге Бейжің қаласынан бөлек, Норвегия астанасы Осло мен еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қалалары үміткер. Олимпиаданы қай елде өткізетіні 2015 жылдың 31-ші шілдесінде Куала-Лумпурде өтетін олмпиадалық комитетінің кезекті сессиясында белгілі болады.

Хабарламаларға жазылу