Елімізде зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі өзгереді

03.12.2021

Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жеткілікті деңгейі өзгереді. Дәлірек айтқанда өседі. Келесі жылдан бастап жеткіліктілік шек 1,8 есе көтеріледі. Бұл туралы мәлімет бүгін Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының ресми сайтында жарияланды.

Бұдан соң Еnpf.kz және enpf-otbasy.kz сайты жөнді жұмыс істемей қалды. Себебі көп адам таңертеңнен зейнетақысына қатысты ақпаратты білмек болып, осы сайттарға кірген. Ал бұл мәселеге қатысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арнайы мәлімдеме жасаймыз деп отыр.


Хабарламаларға жазылу