Түркістан облысы Отырар ауданында мереке қарсаңында бірқатар жаңа нысандар ашылды. Аудан орталығы Шәуілдір ауылында жылу қазандығы іске қосылды. Қанадық құрылысына 240 млн теңге жұмсалып, тағы 680 млн теңгеге жылу құбырлары тартылды. Енді ауылдағы 24 көпқабатты үй мен 71 әлеуметтік және коммерциялық нысанға тұрақты түрде жылу берілуде. Ал, бұған дейінгі қазандық тек жерасты суымен жұмыс істеп келген болатын. Оның жылуы тұрғын үйлер мен ғимараттарға жеткенше суып қалып, жергілікті халық қыс бойы бүрсең қағып шығатын.
Оразкүл Ахметова, Шәуілдір ауылының тұрғыны:
Ол жылысу келгенімен ауаны да жылытпайды. Ток пеш қосып, отырдық. Тек бір бөлмені ғана жылытып, мына жақтың бәрін жауып тастайтынбыз. Қазір мың да бір рахмет, қазір котельный қосылды дей ма, әйтеуір жақсы жылу келіп жатыр. Қазір үйіміз бірқалыпты жылы, жақсы жағдайымыз өте жақсы.
Спорт алаңы қолданысқа берілді
Бұл күні Шәуілдір ауылының орталығында жастар мен жасөспірімдер үшін тағы бір спорт және ойын алаңы да ашылды. Мұнда жеткіншектердің спортпен шұғылданып, ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне болады. Бұған дейін Шәуілдірде осы сынды үш алаң ел игілігіне берілген болатын.