Елімізде коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр «Омикронның» ел аумағында таралуына жол бермеу керек деді. Өйткені алдын ала дерек бойынша жаңа штамм «дельта» нұсқадан да қауіпті және тез таралады. Ал қазір елде эпидахуал жақсарып келеді. Соңғы айда індет жұқтыру дерегі үш еседей, ал ауруханадағы орындар екі есе азайған.
Енді жағдай қайта ушықтырмау үшін «Омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Бельгия, Италия, Австриалия Канада секілді 10 елден келетіндер ПТР тапсырып, міндетті түрде үй карантинінде отырады. Ал жаңа штамм өршіп тұрған Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар секілді Африка елдерінен және Ганконгтан келетін шетел азаматтары Қазақстанға мүлдем кіргізілмейді. Сол үшін Мысырмен әуе қатынаса тоқтайды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Басқа елдерде коронавирустың «Омикрон» жаңа штамның пайда болғанын ескере отырып, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдаймын. Ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажет. Ғимараттар мен көлікте маска тағу әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғассын.