Өңірде қар көшкіні қаупі жоғары таулы аймақтарда қарды жарылыс арқылы төмен түсіру шаралары көктемде өтетін. Бірақ биыл қараша айының өзінде қар қалың түсті. Жалпы, облыс бойынша 500-ге жуық қауіпті аймақ бар. Бірнеше ауыл дәл қар көшкінінің жолында тұр. Сондықтан ол аумақтарға арнайы ескерту белгілері қойылған. Қардың қалыңдығын өлшеп, күнделікті мониторинг жасап отыру үшін жауапты мамандар тағайындалған. Биыл ең алдымен «Өскемен- Самар» бағытындағы жолды бойлай таулардан қар түсірілді. Селден қорғау мекемесінің мамандары қатерлі аймақтарды жіті қадағалап, тұрғындарға аса сақ болуды ескертіп отыр.