Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің қаупі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің қаупі жоғары

16.02.2023

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің қаупі жоғары болып тұр. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мамандар тас жолдардың бойындағы биік таулардан қарды жарылыс арқылы төмен түсіріп жатыр.  

Таулы аймақтарда қар қалыңдығы 2 метрге жеткен. Бұл жағдай әсіресе жолаушыларға үлкен қауіп төндіреді. Қазір көшкін жүруі мүмкін 20 бағыт белгіленіп, ол аумақтар күнделікті бақылауға алынған. Оның ішінде Өскемен-Таулы Үлбі, Өскемен-Алтай, Өскемен-Самар бағыты ерекше назарда. Дәл осы облыстық маңыздағы жолдар тау ішімен өтеді. Мамандар хабарлама таратып, тек биыл жасанды жарылыс арқылы 250 мың текше метр қарды төмен түсірдді.

Омар Дүзгенбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиал басшысы:
160 қар өлшегіш таяқшалар тұр, бұл таяқшалар бойынша бақылаушылар күнделікті мәліметтелерді беріп отырады, егер ол өз мәресінен асқан жағдайда біз алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. 2013 жылы осындай қар қалың жауған. Мынау 10 жылдан кейін қайталанып отыр, биыл қыс қатты болып тұр. Сондықтан жылдың басынан 60 алдын алу жұмыстары жүргізілген.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу