Еліміздің барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

19.12.2023

Еліміздің барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды. Айталық, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында қар жауады. Ұлытау, Қарағанды өңірлерінде бұрқасын соғады. Қазгидрометтің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылордада көктайғақ, тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы қолайсыз. Алматы және Жамбыл өңірінің тұрғындарына көктайғақ туралы ескерту берілді. Ал Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы бірнеше күн бойы қар көшкінінің қаупі жоғары болады. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу