Елордалық тұрғын лифттің ішінде түкіргені үшін кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық тұрғын лифттің ішінде түкіргені үшін кешірім сұрады

26.11.2021

Елордалық тұрғын лифттің ішінде түкіргені үшін 10 тәулікке қамалды. Оқиға Ақан сері көшесі «Медина» тұрғын үй кешенінде болған. Бейнебақылау камерасына достарымен бірге лифтке кірген жігіт, есіктің үстіне түкіріп жатқан сәтінде түсіпті. Оның бір емес, бірнеше рет қайталаған қылығына достары күліп қарап тұрған. Қазір 22 жастағы жігіт қамауда отыр. Сот шешімімен келісіп, кінәсін толық мойындаған. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін тәртіп бұзушы айыппұл да төлейді. Ол мұндай әрекет ендігі ретте қайталанбайтынын айтып, елорда тұрғындарынан кешірім сұрады.

Тәртіп бұзушы: 
Барлық кінәні мойындаймын. Істеген нәрсеме қатты өкінемін. Полиция қызметкерлеріне, барлықтарыңызға, қала тұрғындарына кешірім сұраймын. Мұндай нәрсе енді қайталанбайды. Қайталанған жағдайда қатаң жаза қолдануыңызды сұраймыз.


Хабарламаларға жазылу