Алматы облысында алкоголь өнімдерін өндіріп келген тағы бір жасырын цех анықталды. Қарасай ауданы Әйтей ауылының тұрғыны өз үйінде антисанитарлық жағдайда арақ-шараптың танымал маркаларын бөтелкелерге құйып, ірі көлемде саудаға шығарып отырған.
7 мың акциздік марка, әртүрлі алкоголь сусындарының 850 құтысы, сондай-ақ құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 25 литрлік ыдыстар мен басқа да құрал-жабдық тәркіленді.
Айнұр Ыдырысова, Алматы облыстық Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:
Аталған факт бойынша Қарасай аудандық сот үкімімен ҚР ҚК 233-бабы, 2-бөлігі бойынша ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беріліп, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау орнатылды. Және 300 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалған.