БҰҰ Ауғанстан банктерін күйреуден құтқаруға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Ауғанстан банктерін күйреуден құтқаруға шақырды

23.11.2021

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан банктерін күйреуден құтқаруға шақырды. Жедел әрекет етпесе, елдің қаржы жүйесі алдағы бірнеше айда құлауы мүмкін. Депозиттерді сақтауға және жаңа несие беруге мүмкіндік жоғалып, бұрын алынған қарыздар қайтарылмай жатыр. Билік басына тәліптер келіп, шетелден көмек тоқтаған соң Ауғанстан экономикасындағы дағдарыс күшейді. Жергілікті банктерге жәрдемдесуге санкциялар да кедергі.

Тағы бір айта кететін жайт - Ауғанстанда валюта тапшылығы байқалып отыр. Сондықтан, «Талибан» АҚШ үкіметінен шетелдегі миллиардтаған доллар сақталған есепшоттарды қайта ашуды талап етті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу