Қазақстан делегациясы Кабулда Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан делегациясы Кабулда Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі өкілдерімен кездесті

17.10.2021

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Ауғанстанға Қазақстан делегациясы барғанын хабарлады. «Бүгін Президенттің халықаралық ынтымақтастық бойынша арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегация Кабулға барды. Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мәселелері, сонымен бірге сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру талқыланады» деген ақпарда. Тамыз айында «Талибан» билікке келгелі Қазақстан делегациясы Ауғанстанға алғаш рет барып отыр.

Біздің еліміз БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп Ауғанстанға гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтуға ықыласты. Президент Қ.Тоқаев бұл тақырыпты үнемі қозғайды - саяси көзқарас пен жеке сенімге қарамай, Ауғанстан халқын қиын гуманитарлық жағдайда қалдырмау керектігін айтады. Бұған ТМД -ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысында да тоқталды.


Хабарламаларға жазылу