Бүгін Австрияда жалпыұлттық карантин басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Австрияда жалпыұлттық карантин басталды

22.11.2021

Ол пандемияның қайта күшеюіне байланысты жарияланып отыр. Локдаун күшіне енгеннен кейін қалалардың көшелері босап, ресторандар, дәмханалар, спортзалдар және тағы басқа қоғамдық орындар жабылып қалды.

Канцлер Александр Шалленберг жұма күні мәлімдегендей, карантин 20 күнге созылады. Және де үкімет басшысының сөзінше, 2022 жылы ақпаннан бастап, Австрияның барлық тұрғындарына вакцина алу міндеттелмек. Ал екпе салдырмағандарға комменданттық сағат режимі аясында шектеу қойылатыны ескертіліп отыр.


Хабарламаларға жазылу