Алматы облысында газ жарылысынан екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында газ жарылысынан екі адам қайтыс болды

22.12.2023

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округында болған газ жарылысынан тағы бір адам қайтыс болды. Оқыс жағдай 17-желтоқсан күні таңғы сағат 4 шамасында болған еді. Тұрғын үйдің газ құбырында жарылыс болып, 4 адам ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақаттан 1991 жылы туған бір адам қаза болды, екінші адам араға бірнеше күн салып жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу