Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

17.11.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады. Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына қордың жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы баяндады. 10 айда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының кірісі 8 триллион 981 миллиард теңгеге жеткен. Операциялық табыс – 1 триллион 256 миллиард теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 2 есе көп. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу