Президент «Самұрық Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Самұрық Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

28.05.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасын қабылдады. Ахметжан Есімов мемлекет басшысына жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы есеп берді. Компаниядағы қазіргі ахуал туралы баяндап,карантин кезінде «Самұрық-Қазынаға» қарасты кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмегенін айтты. Қор мемлекет басшысының сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Мәселен жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мыңдай тапсырыс берген.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу