Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

05.05.2022

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады. Алмасадам Сәтқалиев Президентке компанияны реформалаудың екінші кезеңінің жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Сондай-ақ, қордың стратегиялық активтердегі бақылаушылық үлесін сақтай отырып, активтерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын айтты. Президент Қорға қарасты компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыруға және халық алдындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

Хабарламаларға жазылу