Елордада ақиық ақын Мұқағали атындағы зал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ақиық ақын Мұқағали атындағы зал ашылды

16.11.2021

Астанада лирик ақынға арнап зал ашылды. Мұқағали Мақатаевтың мұхит мұрасы мен өмір өрнегіне көпшілік көз жүгіртуге мүмкіндік алды. Ақиық ақынның 90 жылдығына Елордадағы Ұлттық кітапхана осындай тарту жасады. Ұйымдастырушылар бұл датаны әдебиет емес, руханият үшін де айтулы күн деп санайды. Өйткені, жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтары сапынан табылатын ақын мұрасын насихаттау, әлеуметті әдебиетті сүюге үндеу тұрғысынан қажет.

Мырзатай Жолдасбеков , мемлекет және қоғам қайраткері:

Менің ұғымымда Мұқағали өлең жазбаған. Ол кісіге өлең қоңған. Өзі бір сөзінде айтады ғой. Маған өлең аққудың қанатымен келеді дейді. Ол кісіге өлең құсьың қанатымен келген. Сондай ұлы ақын.


Хабарламаларға жазылу