Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы зал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы зал ашылды

16.11.2021

Астанада лирик ақынға арнап зал ашылды. Мұқағали Мақатаевтың мұхит мұрасы мен өмір өрнегіне көпшілік көз жүгіртуге мүмкіндік алды. Ақиық ақынның 90 жылдығына елордадағы Ұлттық кітапхана осындай тарту жасады. Ұйымдастырушылар бұл датаны әдебиет емес, руханият үшін де айтулы күн деп санайды. Өйткені  XX ғасырдың санаулы саңлақтары сапынан табылатын ақын мұрасын насихаттау, әлеуметті әдебиетті сүюге үндеу тұрғысынан қажет.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:
Менің ұғымымда Мұқағали өлең жазбаған, оған өлең қонған. Өзі бір сөзінде айтады ғой: маған өлең аққудың қанатымен келеді деп. Мұқағали Мақатаевқа өлең құстың қанатымен келген. Сондай ұлы ақын.



Хабарламаларға жазылу