Президент: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

09.02.2021

Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Айтулы датаға орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев туиттер парақшасында құттықтау жазба жариялады. 

«Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды». Осылай деген мемлекет басшысы ақынның мерейтойы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін ерекше атап өтті. 

Хабарламаларға жазылу