Қазақстанда бір күнде 762 адамнан коронавирус табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір күнде 762 адамнан коронавирус табылды

19.11.2020
Қазақстанда бір күнде 762 адамнан коронавирус табылды

Бұдан бір күн бұрын, яғни, 17 қарашада вирус 682 адамнан табылған еді. 

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәуліктің статистикасын шығарды. Ел бойынша вирус жұқтырғандардың саны қайта көбейіп жатыр. 18 қараша күні Қазақстанда 762 адамнан COVID-19, тағы 202 адамнан COVID-19  белгілері бар пневмония анықталған. 

Осылайша, 18 қараша күні Қазақстанда:

762 адамнан вирус табылды.

337 адам жазылып шықты. 

5 адам қаза тапты.

COVID-19 белгілері бар пневмония статистикасы:

202 адам пневмониямен ауырды.

95 адам жазылып шықты .

2 адам қаза тапты. 

Сovid-19 тіркелгеннен бергі елде 123 097 адамнан вирус расталып, 111 172 адам жазылып шықты. 1964 адам көз жұмды. Тамыздың бірінен бері есебі жүрген пневмониямен осы уақытқа дейін 40 690 адам ауырып, 29 810 адам жазылып шықты, 423 адам қаза тапты. Қалғаны әлі ем алып жатыр. 



Хабарламаларға жазылу