АҚШ пен Қытай климаттың жылынуымен бірлесіп күресуге уағдаласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытай климаттың жылынуымен бірлесіп күресуге уағдаласты

11.11.2021
0:00:00
0:00:00

Әлемнің атмосфераны ең көп ластаушы елдері – АҚШ пен Қытай жаһандық климаттың жылынуымен бірлесіп күресуге уағдаласты. Мұндай келісімге олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Глазгода өтіп жатқан экологиялық саммитінде қол жеткізді. Қытайдың климат жөніндегі өкілі Си Чжэнхуа мен оның америкалық әріптесі Джон Керри мәлімдегендей, екі ел 2015 жылғы Париж келісімінің мақсаттарына жету үшін ауаға тарайтын улы заттарды азайтуды жеделдету үшін күш жұмылдырмақ. Және де тараптар осы мақсатта технологиямен бөлісуге де пәтуаласқан.

Айта кетсек, Париж келісіміне сәйкес, болашақта су тасқындарын, өрттерді, дауылдарды, қуаңшылықтарды, мұздықтардың еруін азайту үшін ғаламдық температураны индустриялдық дәуірге дейінгі межеден 1,5 градустан артық асырмау қажет болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу