АҚШ-та Байден мен Си Цзиньпин кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Байден мен Си Цзиньпин кездесті

16.11.2023

Сан-Францискода АҚШ президенті Джо Байден мен оның қытайлық әріптесі Си Цзиньпин кездесті. Келіссөздер барысында лидерлер екі держава арасындағы әскери байланыстарды қайта қалпына келтіруге уағдаласты. Бұл байланыс былтыр Конгрестің өкілдер палатасының спикері Тайваньға барғаннан кейін үзілген еді.

Пентагонның мәлімдеуінше, екі президент қол жеткізген келісім өте маңызды. Өйткені аталған байланысты әрі қарай жалғастыру АҚШ пен Қытай армиялары арасындағы түсініспеушіліктер мен қателіктерге жол бермеуге көмектеседі. Оның арқасында дағдарыстар мен қарулы қақтығыстардың алдын алуға болады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу