G20 лидерлері климаттың жылынуымен «тиімді» күресуге уағдаласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

G20 лидерлері климаттың жылынуымен «тиімді» күресуге уағдаласты

01.11.2021

Римде «Үлкен жиырмалықтың» кезекті саммиті аяқталды. Онда әлемнің ең ірі экономикаларының басшылары жаһандық климаттың жылынуымен «мәнді әрі тиімді әрекеттерді» қолданып күресуге уағдаласты. Бұл топқа АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Жапония тәрізді 19 мемлекет пен Еуропа одағы кіреді.Атмосфераға тарайтын улы газдың 80 пайызы осы елдердің үлесінде. 

Айта кетсек, климаттың жылынуымен күрес мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінде талқыланады. 200-дей елдің лидерлері қатысатын ол конференция қарашаның 12-не дейін Шотландияның Глазгосында өтеді.


Хабарламаларға жазылу