Елорданың сауда орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың сауда орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар кіре алады

08.11.2021

Елорданың сауда, ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады. Яғни, «көк» мәртебесі барларға сауда орталықтарының есігі жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша үй карантинін бұзған жағдайлардың көпшілігі осы орталықтарда тіркелген. Айта кетейік бір апта ішінде ПТР сынамасын тапсырғандар, медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар мен соңғы 3 ай ішінде ковидпен ауырғаны туралы анықтамасы бар тұрғындар сауда орталықтарына кіре алады.

Алматы облысында эпидахуал жақсарып келеді. Қызыл аймақтан шыққалы ең төменгі көрсеткіш тіркеліп отыр. Бір тәулікте 34 адамнан вирус анықталған. Олар - 10 аудан мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Қалған 7 аудан мен Текелі, Қапшағай қалаларында өткен тәулікте індет жұқтыру тіркелмеген. Облыста 824 мыңға жуық тұрғын екпенің бірінші компонентін салдырған. 

Әлия Шағиахмет, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Облысқа алдыңғы аптада пфайзер вакцинасының тоңазытқыштары келген болатын. Алдағы уақытта сол вакцинаның 70 мың дозасын күтіп отырмыз. Осы немесе келесі аптада келіп қалу керек.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу