Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді

28.12.2021

Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді. Енді екпе алмағандар арнайы медициналық анықтамасы болмаса, жұмыс орнына кіре алмайды.

Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарына «ASHYQ» қосымшасындағы жасыл мәртебемен ғана кіруге рұқсат. Яғни екпе алғаны туралы мәлімет болуы тиіс. Бұрын бұл тәртіп тек сенбі-жексенбі күндері орындалатын. Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Жұмыс берушілер жұмысшыларын немесе жұмысқа келген келушілердің барлығын да міндетті түрде толық медициналық вакцинациядан өткен азаматтарды немесе соңғы 7 күн бойы ПТР сынамасы бар азаматтарды кіргізуі қажет. Алдағы уақытта, Жаңа жылдың қарсаңында барлық тұрғын мен жеке кәсіпкерден сұрайтынымыз - облысымыздың эпидахуалын тұрақтандыру үшін талапты сақтауымыз керек.


Батыс Қазақстан карантин

Хабарламаларға жазылу