Алматы әуежайы «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайы «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеп жатыр

21.05.2021

Алматы халықаралық әуежайы бүгіннен бастап «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Енді нысанға тек жасыл және көк түсті мәртебесі бар адамдар кіре алады. Әуежайда «Ashyq» жүйесі 16 мамырдан бері тест түрінде жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында 15 жолаушыдан сары түс, 24 адамнан қызыл түс анықталған. Ал қолында смартфоны жоқтарға еш алаңдаудың қажеті жоқ. Тек төлқұжаты болса жеткілікті. 18 жасқа дейінгі балаларға қосымша арқылы өту талап етілмейді. Сондай-ақ, жолаушылар кезекте көп тұрып қалмауы үшін қосымша есіктерді ашып қойдық дейді мамандар. Мұндай бастаманы жолаушылар қолдайтынын айтады.

Марлан Мұжықов, қала тұрғыны:
Жалпы енді жақсы ғой. Қолданғанға ыңғайлы. Негізі керек. 

Нұрхан Нұрланұлы



Хабарламаларға жазылу