Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынас және халықаралық күн тәртібінің өзекті проблемалары талқыланды. Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақьастық дамып келеді. Тараптар экономиканың негізгі секторларындағы инвестициялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін де атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев польшалық әріптесін Варшаваның алдағы жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығымен құттықтады.
Берік Көшербай