Болгария мен Румынияда ковидтен қайтыс болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгария мен Румынияда ковидтен қайтыс болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті

03.11.2021

Болгария мен Румынияда ковидтен қайтыс болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті. Бір тәулікте Болгарияда 310 ал, Румынияда 591 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың 95 пайызы екпе алмағандар. Эпидахуалдың нашарлауына халықтың вакцина салдыртпауы себеп-дейді дәрігерлер. Қос елде халықтың тек 25-30 пайызы ғана толықтай екпе алған. «Бұл-денсаулықсақтау саласының ғана дағдарысы емес, ұлттық апат»-деген үкімет басшысы тұрғындарды тезірек вакцина салдыруға шақырды. Польшада да вакциналау қарқыны бәсеңдеген соң, үкімет жылжымалы екпе орталықтарын елдегі зираттардың жанына қойған. Ата-ана, туған-туыстарының бейітін тазалауға, зиярат етуге келгендер сол жерде вакцина алуда.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу