Ресейдің ірі қалаларында коронавирус жұқтыру оқиғалары өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің ірі қалаларында коронавирус жұқтыру оқиғалары өршіп барады

24.06.2021

Ресейдің ірі қалаларында коронавирус жұқтыру оқиғалары өршіп барады. Жергілікті билік бұл үшін қауіпті инфекцияның «дельта-штаммын» кінәлап, жер-жерде карантиндік шектеулерді күшейтіп жатыр. Ал, Мәскеу мен Санкт-Петербургте осы аурудан қайтыс болғандар саны рекордтық деңгейге жеткен. Өткен тәулікте Ресей астанасыда ковидтан 88 , ал Санкт-Петербургте 93 адам қайтыс болды. Бұл – екі қала үшін де ақпаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Сергей Собянин, Мәскеу мэрі:
Өте нашар көрсеткіштер құрбандарға қатысты байқалып отыр. Екі күн қатарынан олардың саны рекордтық деңгейге жетті. Жаңа пациенттердің жастары да ерекше: 77 пайызы – еңбек жасындағы тұрғындар. Әрине, бұл жағдай ішінара маска тағу тәрізді сақтық шараларымен де байланысты. Дегенмен, мұндай өршуді толық түсіндіру қиын. Сондықтан біз штамдарды зерттедік. Мәскеуде жаңа COVID-19 мутациясы бар - үнді штаммы, ол Delta деп аталады.

Бұған дейін Мәскеу басшылығы барлар мен ресторандарға тек вакциналанғандар мен тестте негативтік нәтиже көрсеткендер ғана кіре алады бұйрық шығарды. Және де бұнда қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндердің барлығы міндетті түрде вакциналануы керек деген ереже жарияланып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу