Елімізде бір тәулікте 1 312 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір тәулікте 1 312 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

03.11.2021

Бір тәулікте 1 312 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, елімізде індетке шалдыққандар саны 943 105-ке жетті. Эпид ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Осы уақытқа дейін қауіптің «сары» деңгейінде болған Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті. Сондай-ақ қауіпсіз өңірлер қатарына Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары енген.


коронавирус Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу