Елдегі эпидахуал: «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі эпидахуал: «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр

28.12.2021

Елімізде бір тәулікте 354 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Нұр-Сұлтан қаласында 76 адамның ковид жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды.

Бір қуантарлығы - ауру жұқтыру көрсеткішінен жазылып шыққандардың саны басым. Елімізде бір тәулікте 588 адам аурудан құлан таза айығып шықты. Қазір «сары» аймақтар тізімінде елордамен қоса, Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Ал қалған аймақтар «жасыл» статусқа ие.

эпидахуал

Хабарламаларға жазылу