Өткен тәулікте 1011 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1011 адам коронавирус жұқтырған

15.03.2021

Қазақстанда коронавирус дерті қайта көбейіп жатыр. Кеше ел бойынша 1011 адамның ковид жұқтырғаны расталды. Оның үштен бірі Алматы қаласында. Ал Маңғыстау облысында керісінше бірде-бір науқас тіркелмеді. Сондай-ақ ел бойынша 9 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды. Пандемия басталғалы елімізде 275 мыңға жуық адамның вирус жұқтырғаны расталған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу