Нигерияның қаржылық астанасы Лагоста 22-қабатты үй құлап, 6 адам қаза тапты. Ал, жоғалып кеткендер 100-ге жетіп отыр. Зәулім нысанның неден опырылып түскені әзірге белгісіз. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, төрт адам тірі табылды.
Африканың халық ең көп шоғырланған елінде ғимараттар жиі құлайды. Оған бір жағынан қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, екіншіден, құрылыс материалдарының стандартқа сай еместігі себепші болады.