Белград қаласындағы Әлем чемпионатында 4 боксышымыз ширек финалға шықты. Жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіповтің жеңіс жолын 54 келідегі Махмұт Сабырхан жалғастырды. Ол шотландиядық Мэттью Макхэйлмен жолығып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді ол Бразилиялық споршымен жұдырықтасады. Жекпе-жек ертең өтеді.
Ал Саматәлі Төлтаев колумбиялық қарсыласын тізе бүктіріп, Франция өкілі Софьян Умиамен кездесетін болды. Асланбек Шымбергенов та жарыс жолын жалғастырады. Ол өзінің кезекті кездесуін германиялық Магомед Шахидовқа қарсы өткізді. Алғашқы раундттарда жерлесіміз басым болды. Соңғысында, тіпті, техникалық нокаут тіркелді. Енді Асланбек жартылай финал жолдамасына таласады.
Ал, Айбек Оралбай жарыстан шығып қалды. 92 келіде сынға түскен елордалық спортшы өзбекстандық қандасымыз Мадияр Саидрахимовқа есе жіберді. Бірінші раундта қарсыласы, екінші раундта Айбектің өзі нокдаунд алды. Бұған дейін қазақстандық боксшылар арасынан Нұрлан Сапарбай мен Бек Нұрмағамбет жарыс жолнынан шығып қалған. Қалған 10 жігіт жарысты жалғастырып жатыр. Оның 6-ауы бүгін шаршы алаңға шығады. Сербиядағы жарыстың жалпы қорытындысы 7-ші қарашада белгілі болады. Былғары қолғап шеберлерінің жарысын «Qazsport» арнасынан тамашалай аласыздар.