Президент Атырау облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Атырау облысының әкімін қабылдады

27.10.2021

Атырау облысы инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шықты. Өңірде ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес пен өзге де салаларда өсім байқалады. Бұл жөнінде Президенттің қабылдауында болған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді. Әкім эпидемиологиялық ахуал мен вакциналау жұмыстары жайында есеп беріп, экология саласына да кеңінен тоқталды. Айтуынша 2025 жылға дейін елді мекендерде 540 мың көшет отырғызу жоспарланған. Облысты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы да сөз болды.


Хабарламаларға жазылу