Президент Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады

26.10.2020

10 аймақта модульді жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Үкімет басшысы айтты. Елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Індеттің жаңа толқынына дайындық қарқынды. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін препарат қоры жасақталып жатыр. Президент карантинді күшейту шараларын кәсіпкерлердің мүддесі мен елдің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн деді. 

Мемлекет басшысы сондай-ақ Әділет министрін қабылдады. Марат Бекетаев министрліктің 9 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Коронавируспен күрес жайында баяндады. Кездесу соңында Президент ведомство басшысына азаматтардың құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Президент мұнан соң Атырау облысының әкімін қабылдады. Махамбет Досмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері баяндалды. Кездесу соңында Президент эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.  

Асима Нұрбайқызы

Президент Асқар Мамин Президент қабылдауы Үкімет басшысы

Хабарламаларға жазылу