Президент Абай облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Абай облысының әкімін қабылдады

01.03.2024

Абай облысының экономикасына былтыр 568,9 миллиард теңге инвестиция салынған. Бұл орайда өсім 132,7 пайыз болса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 131,5 пайызға артқан. Бұл жайында аймақ әкімі Нұрлан Ұранхаев, Президент қабылдауында айтты. Сонымен қатар өңір басшысы үшінші жылу электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу барысын баяндады. Қазір облыста Мемлекет басшысының тапсырмасымен дамудың кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Шекара маңындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өңір туризмінің дамуына серпін беретін «Семей – Тачэн, яғни Шәуешек» әуе рейсін ашу жұмыстары қолға алынған. Мемлекет басшысы облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар тапсырма берді.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

Президентке Абай облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы баяндадым. Жыл қорытындысына сәйкес Абай облысында барлық «әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім бар. Абай облысының кешенді жоспарының орындалуына да тоқталдым. Семей қаласындағы ЖЭО техникалық экономикалық негіздемені әзірлеу барысы. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары және де биылғы жылға жоспарланған жобалар туралы баяндадым.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу