Атырауда 51 айыппұлды төлемеген жүргізуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 51 айыппұлды төлемеген жүргізуші ұсталды

27.04.2022

Атырауда жол ережесін елемей, 51 айыппұлын төлемей жүрген көлік иесі ұсталды. Оған салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңгеден асады. Ресейде есепте тұрған темір тұлпарымен жүгенсіз тұлпардай жүйіткіген тұрғынды полиция тоқтатқанда тағы да хаттама толтырды. Қауіпсіздік белбеуін тақпағаны және міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жүргізушігі 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу