Қызылордада жүгенсіз жүргізуші айыппұл төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жүгенсіз жүргізуші айыппұл төледі

18.04.2022

Қызылордада қала ішінде автокөлігімен жүйіткіген жүргізушінің әрекеті көптің ашу-ызасын туғызды. Өзін «Шумахер» сезінген тұрғын сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүргенін бейнетаспаға жазып, әлеуметтік желіге жүктеген. Жүгенсіз жүргізуші көшедегі жылдамдық анықтайтын «Арқан» қондырғысына түсіп қалған. Оған заңға сәйкес 61 мың теңге айыппұл салынып, толық өндірілді дейді полиция департаментінің өкілдері. 


Хабарламаларға жазылу