Базалық мөлшерлеме 0,25%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Базалық мөлшерлеме 0,25%-ға өсті

25.10.2021

Елімізде базалық мөлшерлеме биыл қатарынан үшінші рет көтеріліп отыр. Бүгін Ұлттық банк оны 0,25 процентке өсірді. Сөйтіп оның мөлшері жылдық 9,75 пайызға жетіп отыр.

Оған әлемдік және еліміздегі экономикалық ахуал, қаржы саласындағы тұрақсыздық әсер еткен. Әсіресе инфляция жылдам өсіп жатыр. Ұлттық банк биыл оның деңгейі 7,5-8,5 пайыз дәлізінде болады деген еді. Бірақ азық-түлік қымбатшылығы оны өсіріп жіберді. Енді инфляция салымшылардың ақшасын жеп қоймауы үшін және оны тұрақтандыру үшін базалық мөлшерлеме өсіп отыр. Айта кетейік бұған дейін оның мөлшері шілдеде және қыркүйекте көтерілген еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу