Ресейде орталық банк базалық мөлшерлемені көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде орталық банк базалық мөлшерлемені көтерді

30.10.2023

Ресейдің орталық банкі базалық мөлшерлемені тағы көтерді. Инфляцияны бәсеңдетіп, рубльді нығайту үшін базалық мөлшерлеме жоспардан тыс 15 пайызға өсті.

Индира Бегайдар, тілші:

Бұл құлдыраған рубльдің бағамын ұстап тұрудың жалғыз жолы»,- дейді Үкімет мүшелері. Осы жылдың шілде айында ғана базалық мөлшерлеме 8.5 пайыз болатын. Негізгі мөлшерлеме әр тұрғынының қаржысына тікелей әсер етеді. Ресейде тамыз айында базалық ставка көтерілгеннен кейін ипотекалық және тұтынушылық несиелер бірден қымбаттады. Ипотека 3-4%-ға өсті. Енді ипотека тағы 5 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Ярослав Кабаков, сарапшы:

Ең басты мәселелердің бірі инфляция. Жылдық инфляция 6 пайыз болғанымен, әр ай сайынғы көрсеткіш, тіпті бүгінгі күнгі сандар көңіл көншітпейді. Инфляция 15 пайызға бірақ жетті. Яғни адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді.

Ресейдің ұлттық валютасы бір жылда 70 пайызға құлдырады. Сарапшылар базалық мөлшерлемені арттыру арқылы рубль бағамын ұстап тұру мүмкін емес дейді. Себебі бюджет тапшылығы бар. Үкіметтің болжамы бойынша, жыл соңында ол ішкі жалпы өнімнің 2 пайызына жетеді.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу