Базалық мөлшерлеме өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Базалық мөлшерлеме өсуі мүмкін

22.10.2021

Елімізде базалық мөлшерлеме жылдық 10%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Қаржыгерлер қауымдастығы осылай болжап отыр. Айтуларынша бұл инфляцияны жоспарлы дәлізге қайтармаса да, ауыздықтауға мүмкіндік береді. Азық-түлік бағасының қымбаттауы оның деңгейін 8,9 пайызға дейін өсіріп жіберген еді. Оның үстіне инфляциялық қысым әлі сақталып отыр. Сол үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені кезекті рет көтеруі тиіс дейді қаржыгерлер. Айта кетейін қазір жылдық мөлшерлеме 9,5 процент.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу