Басты Жаңалықтар Маңғыстауда мас жүргізуші газ құбырын соғып кетті

Маңғыстауда мас жүргізуші газ құбырын соғып кетті

Маңғыстау облысында мас жүргізуші көлігімен газ құбырын соғып, апатты жағдай тудырды. Оқыс оқиға Басқұдық ауылында болды.

Нақтырақ айтсақ, «UAZ Patriot» автокөлігінің жүргізушісі ауыл ішіндегі газ құбырын зақымдап, тұрғындардың зәре-құтын қашырды. Өрт сөндірушілер құбырдан шыққан жалынды әрең сөндірген. Жүргізуші аман, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Бөлісу